Алматы күні аясында ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында ұйымдастырылған Apple Fest шарасына өңірдегі ауылшаруашылық өкілдері 100 тоннаға жуық алма әкелген. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды
«4 ауданнан жеке қожалықтар алма әкелді. Олар: Қарасай ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ұйғыр ауданы және Талғар аудандары. Бұл шараға 36 шаруа қожалығы қатысты. Олар алманың 20-дан астам сортынан 100 тоннаға жуық әкелген. Бұл жерде баға күнделікті базар бағасынан әлдеқайда төмен. Бір келісін 180-250 теңге арасында сатып алуларыңызға болады. Өнімдер экологиялық таза, табиғи»,-дейді Алматы қалалық ауылшаруашылығы басқармасы өкілі Қанат Какен.