Жалғыз қазақ ауылы жойылып барады: Су жоқ. Жол шұрық-тесік. Мәдениет ұмытылды

/uploads/thumbnail/20250227162240798_big.webp

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданыМирный ауылдық округі құрамындағы Айымжан ауылының тұрғындары «ауылымыз жоғалудың алдында тұр» деп дабыл қақты. Олардың сөзіне құлақ түрсек, ауыл тұрғыны Бектас Қалиұлы:

 

         Ауылымыз 1928 жылы құрылған. Негізі ауылымыз Пресновка деген жерде құрылған жалғыз қазақ ауылы. Ресей шекарасынан 35-40 шақырым жерде орналасқан. Сол жалғыз қазақ ауылы Совет өкіметі кезінде дүркіреп тұрған ауыл еді. Жеті жарғыны жазған Қожаберген бабамыздың бұл жерінде кезінде140-150-дей үй болған. 700-800-дей халық өмір сүрді. Қазіргі жағдайы өте нашар. Ауылымызда мәдениет үйі мен театр тозып, тек қаңқасы қалды. Кезінде ауылдың орталығы болған жердің қазір жұрнағы да жоқ. Көшелерді тіпті айтпай-ақ қояйық. Ауылымыздың жағдайы төмендегеннен кейін халықтың тең жартысы көшіп кетті, – дейді.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта халықты тек жалғыз мектеп қана ұстап тұрғанын, әйтпегенде жолдың нашарлығы, судың жоқтығы халықты шыдатар еместігін айтады.

   

         Ауылымызда жалғыз мектеп бар. Оның өзі бірде толады, бірде азаяды. Бірақ тек осы мектебіміз ғана қалған тұрғындарды ұстап тұр.  Мәдениет үйіміз, екі үш дүкендеріміз бар еді, бәрі қаңырап қалды. Ауыл шетінде жеріміз болған. Банкрот болып банкке сатылып кетті. Бос тұр. Бос тұрған жер жау шақырады демекші, ертеңгі күні өзгелер иемденіп алмаса екен деп уайымдаймыз. Жұмыс жоқ. Өйтіп-бүйтіп жанымызды өзіміз бағып, күн көріп жүрген жайымыз бар. Ауызсуға келсек, Есіл өзенінен су тартылғанымен, оны ешкім пайдаланып жатқан жоқ. Әркім өзінің үйінің жанынан құдық қазып, сол суды ішіп жатыр. Біреуінікі ащы, біреуінікі тұщы. Таза ма, таза емес па оны да білмейміз. Жағдайымыз «Жаңа Қазақстаннан» да нашар болып кетті. Қайта Совет өкіметінің кезінде жақсы еді. Жағдай нашар болса да, үміт күтіп, ауылымызды тастап кетпей отырмыз. Әкімдік жылда үйіп-төгіп уәде бергенімен, оның бірі де орындалып жатқан жоқ, – дейді Бектас Қалиұлы.

Осылайша ол ауыл тұрғындарының атынан «елімізде жанайқайымызды  естіп, ауылымызды қайта көркейтуге көмектесетін жандар табылса, бір қазақ ауылын сақтап қалар едік деген ұсынысын  айтты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи