Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады.

Құрметті әріптестер!
Журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді жұмысы қоғамның негізгі құқықтарының бірі – объективті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Алайда, осы бірлескен жұмыс кезінде кез келген өркениетті қоғамда басты қағидаттардың бірі саналатын  сыйластық, этика және мәдени қарым-қатынас толық сақтала бермейді.
Мәжіліс қабырғасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады.
Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
Министрлік мемлекеттік органдардың барлық баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтеді. Сонымен қатар, бұл бағытта Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады.

Уважаемые коллеги!
Взаимная эффективная работа журналистов и госорганов обеспечивает одно из ключевых прав общества - доступ к объективной информации. Однако, не всегда при взаимодействии соблюдается взаимная этика, уважение и культура взаимодействия, как это принято в любой цивилизованной стране.
Инцидент, произошедший в стенах Мажилиса с журналистом Мадиной Жатканбаевой, был допущен в равной степени из-за нарушения правил аккредитации со стороны журналиста и действий пресс-секретаря вице-премьера.
Необходимо помнить, что на мероприятиях, проводимых государственными органами, журналистам необходимо соблюдать установленные правила аккредитации и регламент мероприятия.
В свою очередь, государственные служащие  должны проявлять уважение к журналистам и не воспрепятствовать их профессиональной деятельности.
Министерством будет организовано совещание со всеми пресс-службами государственных органов для повышения эффективности взаимодействия между СМИ и госорганами, а также будет усилена работа Комитета информации по налаживанию между ними конструктивного диалога.

 

Аида Балаева

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи