“Жасанды интеллект" қазақ баласына енші бөлді (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20250311174230276_big.webp

   11 наурыз күні Алматы қаласындағы Smart Point орталығында журналист, ІТ маманы Мейіржан Әуелханұлының қазақ тілінде "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының тұсаукесері өтті. 

     Бұл еңбек “AI-Hub” компаниясы аясында жарыққа шыққан. 

    Аталған шара аясында кітаптың таныстырылымы өтіп, жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар IT, киберқауіпсіздік, биотехнологиялар және жасанды интеллекттің болашағы туралы пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

    Кітаптың тұсаукесерін Алматы қаласының  Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов,  жазушы-публицист Қайнар Олжай, ақын Ұлықбек Есдәулет,   журналист Нұржан Жалауқызы және Қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай кесті. 

    - ЖИ-дің пайда болғанына көп өткен жоқ. Ол дамығаннан кейін көп ұзамай әр мемлекет өзінің заңдық шеңберінде қолдана бастайды. Жер бетінің халқы тұтас жиылып, осыған қатысты ортақ шешім қабылдауы да ғажап емес. Демек, қайткенде де оның басты қозғаушы күші адам болады. Сіз оған мынаны істе деп бұйрық бермейінше ол тырп етпейді. Яғни жасанды интеллект факторы емес, адамның ниет-қалауы мен мақсат-мүддесі алдыңғы қатарға шығады.
    Жасанды интеллектіні қолдануға байланысты, оны әртүрлі салаға енгізуге байланысты, машиналық оқытуға байланысты, медицинада, білім беруде, өнер саласында, маркетинг саласында пайдалануда жаңа мамандықтар пайда болып, мүмкіндіктері көбейеді, - дейді кітап авторы Мейіржан Әуелханұлы.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи