TOP PRO CINEMA” продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц үкімет басшысына қазақстандық фильмдердің прокатта қанша ақша жинағанын баяндады.
Оның айтуынша, отандық фильмдер саны 2023 жылы 65-тен 2024 жылы 107-ге дейін көбейген. Олардың жалпы табысы 22 млрд теңге. Кинотеатрларда ең көп ақша тапқан үздік 20 кинотуындының 70 пайызы отандық фильмдер.
"Ең маңыздысы – қазақстандықтардың ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келеді. Осының арқасында салаға инвесторлар келіп жатыр. Конкурстарға ашықтық бұған мұрындық болды", дейді Аксютиц.
Сондай-аұ ол елдегі сұраныс үлкен болғанымен, оны қанағаттандыру қиынға айналғанын айтып өтті. Сценарист, продюссер, оператор, гримерлерге дейін жетіспейді. “Индустрияны қолдауды сұраймыз” дейді ол.
Бектенов өз тарапынан индустрияға қолдау болатынын мәлім етті. Оның айтуынша, салада үлкен әлеует бар.
Оставить комментарий