Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бүгін басталады

/uploads/thumbnail/20250516113329525_big.webp

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер 16 мамыр күні Түркияның Ыстанбұл қаласында өтеді. Бұған дейін кездесу 15 мамырға жоспарланған еді, алайда ТАСС агенттігінің хабарлауынша, келіссөздердің бір күнге шегерілуіне «логистикалық мәселелер» себеп болған.

Украина тарапынан келіссөздерге елдің Қорғаныс министрі Рустем Умеров басшылық етеді. Президент Владимир Зеленский бұл кездесуге қатыспайтынын мәлімдеді.

Ресей делегациясын Президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барады. Алайда делегация құрамында бірде-бір министр жоқ. Келіссөздерге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қорғаныс министрі Андрей Белоусов та қатыспайды.

Связанные Статьи