Алматы қаласына жаңа статус беріледі

/uploads/thumbnail/20250522141140137_big.webp

Келесі айдан бастап Алматы қаласы ресми түрде Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы мәртебесіне ие болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, бұл бастама түркі елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі.

– Қазақстан түркі мемлекеттерімен байланысты тереңдету үшін бірқатар маңызды қадам жасап жатыр. Мәселен, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды. Жақын арада ұйым жанынан Тұрақты өкілдік ашу жоспарланып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент басқа да маңызды бастамаларға тоқталды:

  • 11-12 маусым күндері Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді;

  • Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды;

  • Қазақстанның бастамасымен Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылып, алғашқы отырысы Түркістанда өтті.

Маусым айынан бастап Алматы қаласы Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы атанады. Бұл – түркі бірлігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам, – деді Президент Тоқаев.

Связанные Статьи