Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді

/uploads/thumbnail/20250710120606727_big.webp

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

"Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан жеткізілетін барлық тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялады. Трамптың айтуынша, бұл шешім Қазақстанмен арадағы «ұзақ мерзімді және тұрақты сауда тапшылығы» салдарынан қабылданған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған хатында АҚШ басшысы көпжылдық келіссөздерге қарамастан, «екіжақты қатынастардың біржақты күйінде қалып отырғанын» атап өткен.

Связанные теги :

Связанные Статьи