"Жәбірленушілер ақшаны кері қайтаруды талап етті": Перизат Қайраттың соты жалғасып жатыр

/uploads/thumbnail/20250716151227579_big.webp

Бүгін Перизат Қайраттың сот отырысында көктемгі су тасқыны кезінде көрсетілген қайырымдылық көмеке байланысты эпизод қаралды. Қорға қайрымдылық жасаймыз деп ақша аударған 20-ға жуық жәбірленушіден жауап алынды. 

Жәбірленушілердің арасында Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары да бар. Олар соттта жәбірленуші деп танылды. Аталған мектептің ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықова сотта 2024 жылдың сәуірінде жиналған 901 855 теңге қорға аударғанын мәлімдеді.

"2024 жылы мен физика-математика бағытындағы НЗМ ата-аналар комитетінің төрайымы болдым. Біз BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қорының жарнамалық науқанына сеніп, тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинауды бастадық. НЗМ ата-аналары маған сенім артты, ал ақшаның мақсатына сай жұмсалмағанын ескере отырып, мен бұл қаржы үшін толық жауапкершілік арқалағандықтан, оны өтеу керек деп санаймын. Бұл қор Instagram арқылы жиі жарнамаланды. Біз қарап, оның басқа да қайырымдылық істермен айналысқанын білдік", – деді ол. 

Басқа да жәбірленушілердің кейбірі аталған қорға 8 млн теңге аударған. Олар зардап шеккен отандастарына шын ниетімен көмектескісі келгенін айтты. Куәгерлердің ешқайсысы Перизатпен немесе оның анасымен жеке таныс болмаған.

– Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге бүкіл халық болып көмектестік. Біз туыстарымызбен бірге 1 миллион теңге жинап, қорға аудардық, – деді Ақтау тұрғыны.

Қазір жәбірленушілер өз ақшаларын кері қайтаруды талап етіп отыр.

Связанные Статьи