Бүгін Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлап, сот отырысына үзіліс жарияланды.
Жәбірленушілерден жауап алу кезінде анасының денсаулық жағдайы нашарлады. Судьяның "Не болды сізге?" деген сұрағына Перизат Қайраттың анасы өзін жайсыз сезініп тұрғанын, қан қысымы көтерілгенін айтты. Кейін соттың баспасөз орталығындағы трансляция тоқтатылды.
Айта кетейік, негізгі сот процесі қатарынан төртінші күн өтуде.