Бақытжан Байжанов амнистияға өтініш берген

/uploads/thumbnail/20250717141530067_big.webp

Қуандық Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжанов амнистияға өтініш берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот мәліметінше, 9 шілдеде Степногор аудандық сотына Бахытжан Байжанов амнистия туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш білдірген. Аталған өтінішті қарау күні әлі анықталған жоқ", делінген хабарламада. 

Еске салайық, Бақытжан Байжанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасыру бойынша айыпталып, 2024 жылдың мамырында 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

 

Связанные Статьи