Педофилдерге түрмеде кастрация жасалуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20250804163944206_big.webp

Қазақстанда сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану ережесіне өзгерістер енгізілмек.  «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылған педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығуға 6 ай қалғанда тағайындалады. 

Сонымен қатар сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуал зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына он екі ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материалдар сотқа жіберілуге тиіс.

Егер сараптама қауіптің бар екенін көрсетсе, сот химиялық кастрацияны тағайындай алады. Бұл шара бостандыққа шығуға алты ай қалғанда қолданылуы мүмкін. Процедура арнайы препараттарды үнемі егу арқылы жүргізіледі және тек сот шешімімен ғана жүзеге асырылады.

Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қолданылатын 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойғы бақылау енгізу ұсынылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, рецидив қаупі болса, бұл бақылау әр алты ай сайын сот шешімімен ұзартылып отырады.

Мұндай бақылау аясында келесі шектеулер қарастырылған:

  • мектептер мен балалар мекемелеріне баруға тыйым;
  • түнгі уақытта үйден шығуға шектеу;
  • басқа да шектеулер.
Связанные теги :

Связанные Статьи