«Хутор» бандасын басқарады делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жетті

/uploads/thumbnail/20250804171250045_big.webp

Алматы облысында Хутор бандасын басқарады делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облысы прокурорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Х.Қасымбаевқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, ағымдағы жылдың 21 шілдесінде айыптау актісімен істі облыстық прокуратураға жолдады. Облыс прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітті және істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді", делінген баспасөз хабарламасында. 

Полиция дерегінше, Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «бопсалау» баптары бойынша іс қозғалған.

 

Связанные Статьи