АҚШ президенті Дональд Трамп пен РФ президенті Владимир Путин ертең Анкоридже штатында саммит өткізбек. Басты тақырып – Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату, бейбіт келісімнің алғышарттарын талқылау. Трамп саммиттен бұрын Украина президенті Зеленскиймен және ЕО мемлекеттері басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, алдынан өтті.
Бірқатар басылымдар Трамптың «Ресей мен Украина территория алмасуы мүмкін» деген болжамдарын таратты. Қазақстан Республикасы Президенті де Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, «жанжалдан, жаман болса да бітім артық» деген мазмұндағы пікір білдірген еді. Трамппен кездесу нақтыланардан бұрын Путин Үндістан премьеріне, ҚХР төрағасына, Қазақстан және Өзбекстан лидерлеріне телефон шалған еді.
Ресейлік басылымдар да кездесу алдында ақпарат алаңының көрігін қыздырып жатыр. «Трамп пен Путин, ең алдымен, АҚШ-тың Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын жеңілдету мәселесін талқылайды» деген риторика жетекші басылым беттерінде өріп жүр. Тіпті, Ресей Ғылым академиясы Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының директоры Константин Блохин «АҚШ өз санкцияларынан өзі зардап шегіп отыр» деп ресми мәлімдеп үлгерді.
Украина территория талқылауға бармайтынын және ең соңғы сөз Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер кезінде айтылатынын жеткізді. Франция президенті Макрон да Трамппен телефон арқылы тілдесіп, еуропалықтардың ұстанымы мен Украина позициясы бірінші кезекте болатыны туралы уәде алғанын жариялады.
Еуропалықтар да, ресейліктер де, тіпті, америкалықтардың өзі аталған кездесуге барынша ықпал етуге тырысады. Әлем назарын тіккен кездесу бейбітшілікке бастасын деп тілейміз.