Қытайдан Таразға келе жатқан керуендегі түйелердің саны екі есе азайған

/uploads/thumbnail/20170708201457759_small.jpg

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Шэньси провинциясының  Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолы бағытымен Таразға келе жатқан керуен экспедициясын салтанатты түрде қарсы алуға дайындалып жатыр.
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 19 қыркүйекте Сианьнан ежелгі сауда жолымен «Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» достық және ынтымақтастық керуені шықты.

Таразда жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов  айтқандай, керуендегі бастапқыда айтылған түйелердің саны едәуір азайған.  

 «Керуен құрамында 136 түйе, 20 жылқы, 4 арба, 11 автомобиль болған. Қазір түйелердің саны едәуір азайды - 55. Бұл тиісті санитарлық талаптарға сәйкес шекарадан өткізбеуіне байланысты», - деп түсіндірді ол.

«Осы сенбіде керуенді Жамбыл облысының шекарасында Қордай ауданында қарсы алдық. Жуырда олардың Таразға келуін күтеміз.

6 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарын  «Төрткүл» керуен-сарайына шақырамын, мұнда Тұңғыш Президент саябағына дейін шеру болып, Аспанасты елінің өкілдерін қарсы аламыз. Театрландырылған қойылым өтеді. Бұл қалалардың мэрлері келеді деп күтеміз. Олар әдейі керуенді бір күнге кешіктіруді сұраған», - деді Е. Мәнжуов.

«Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» ауқымды акциясы Жібек жолының экономикалық белдеуін құру идеясын қолдау мақсатында өтіп жатыр. Керуенді Таң династиясы дәуірінің киімдерін киген керуеншілер, найзалы қарауылдар, жылқыға жегілген арбалар мен автомобильдер шеруі сүйемелдейді.  Керуен Шэньси провинциясында өсірілетін фуца емдік шайын әкеле жатыр

Қашықтығы 5 мың шақырымнан асатын саяхатты ұйымдастыруға Қазақстанның дүнген қауымдастығы мен «И-Зе Фуца» компаниясы (Сиань, Қытай) бастамашы болды. Халықаралық экспедицияның қазақстандық бөлігінің бас операторы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық ынтымақтастық халықаралық академиясы» ҚҚ. Шара ұйымдастырушылары - Сиань қаласының әкімшілігі, Алматы және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи