ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елбасының тапсырмасына орай су қоймасының бөгетін нығайту жұмыстары жүзеге асуда. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов және Қызылорда облысы ТЖД бастығы Омар Бержанов Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Қыраш» су қоймасындағы жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмысымен танысты.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңақорған ауданындағы алты су қоймасының бірі «Қыраш» ауылдық округінен жарты шақырым жерде орналасқан. «Қыраш» ауылдық округінде 880 адам тұрады. Округ атына аттас су қоймасы 1928 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы - 2,5 миллион куб метрді құрайды, жалпы ауданы - 28,5 гектарды алып жатыр.
2011 жылы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізілген. Бөгеттің биіктігі биіктетіліп, су жібергіш және артық су тастағыш құрылыстары жөніделді. 2014 жылы қосымша жөндеу жұмысы жасалды. Осы жылдың қыркүйек айында ағымдағы жөндеу жұмысы жасалуда. Бүгінгі күнге дейін «МұрапСервис Шиелі» ЖШС жұмыстың 85 пайызын тәмамдап, келесі айда толық аяқтауды жоспарлап отыр.
«Қыраш» су қоймасы аса үлкен болмаса да, біршама мәселелердің алдын алатыны анық. Сондықтан, төтенше жағдай туындамас үшін ағымдағы жөндеу жұмысына қаржы бөлініп отыр.
Ішкі істер министрлігі елдің барлық аймағындағы су қоймаларының жөндеу жұмыстарына баса назар аударып отыр. Климаттың жиі өзгеріп отыруына орай су тасуы, бөгеттердің бекітілуі назарда тұр. Бөгеттер жыртылып кеткен уақытта экономикалық шығындарға, тіпті адам өліміне әкеп соғуы мүмкін екендігі белгілі.
Қазіргі таңда біз қысқы маусымға дайындық оқу-жаттығуын жүргізу үшін дайындық жасалуда. Қысқы кезеңде ауа райының суытуына орай көптеген мәселелерді туындатуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су қоймасын толтыру, көктемдегі су тасқынының алдын алу жұмыстары атқарылуыда.
Жалпы, ішкі істер министрінің орынбасары облыста атқарылып жатқан су қоймасын жөндеу және су тасқынының алдын алу жұмысына оң бағасын берді.
"Қамшы"сілтейді
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оставить комментарий