Алматыда дәмхана өртенді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708204525035_small.jpg

Алматыда Гайдар мен Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан «Оргилай» дәмханасынан өрт шықты.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, ғимараттың екінші қабатындағы мансард өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскі 12:38-де түскен. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады.

Тілсіз жауды сөндіруге 32 адам мен 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Шамамен сағат 13:28-де өрт толығымен сөндірілді.

Әзірге өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Связанные Статьи