• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 11:18:27
Алматы
+9°

"Еуропа Ресейдің Украинаға басып кіруінен қауіптеніп, қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең қауіпті сәтті бастан өткеруде" деп мәлімдеді Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Жозеп Боррел.

"Менің түсінуімше, біз қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропадағы қауіпсіздік үшін ең қатерлі сәтте өмір сүріп жатырмыз" деді Боррел дүйсенбіде журналистерге.

Қазіргі кезде Еуропа елдерінің шешімдері үшін Франция президенті Эммануэль Макрон маңызды рөл атқаруда. Ол Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинге соғысты болдырмай, өзара сенім орнатуды мақсат етеді.

Макрон – Украина шекарасына ресейлік күштер жиналғаннан бергі Мәскеуге келген алғашқы Батыс көшбасшысы.

Сәуірде қайта президент болып сайлануға ұмтылатын Макрон өзін Украина дағдарысы бойынша әлеуетті үйлестіруші ретінде көрсетіп жатыр. Париж Вашингтонның және басқа да Батыс елдерінің "Ресей шабуылы болады" деген болжамдарына күмәнмен қарайды.

Макрон Ресей президентіне "пайдалы" жауап іздеп жатқанын айтты.

"Бұл бізге, әрине, соғысты болдырмауға, сенім, тұрақтылық және ашықтыққа мүмкіндік береді" деді француз президенті. Путин өз кезегінде Ресей мен Францияның "Еуропадағы қауіпсіздік саласында болып жатқан жағдайға қатысты ортақ алаңдаушылығы бар екенін" білдірді.

"Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дағдарысты тарихи тұрғыдан шешу жолында Франция президентінің қаншалықты күш салып жатқанына куә болып отрмын" деді Путин.

Бүгін Киевке де баратын Макрон сапары қарсаңында "Journal du Dimanche" газетіне "Ресейдің бүгінгі геосаяси мақсаты – Украина емес, НАТО және ЕО-мен ережелерді нақтылау екені анық" деп сұхбат берген.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Ол бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы тиіс және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.
 
Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
  • Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
  • АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
  • Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
  • Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
  • Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір