Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 2016 жылдың 26-27мамыр күндері Сая Қасымбектің «Тексіздер» пьесасының негізінде қойылған «Лифт» психологиялық драмасының премьерасын өткізеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қойылымның қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Бекболат Құрманғожаев. Қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов.
Біздің заманда адамның құны қанша тұрады? Түбі қайдан шыққанын білмейтін «тексіздер армиясын» ұлғайтып жатқандар кімдер?..
Бүгінгі қоғамның ең үлкен һәм аса қатерлі дерті – жетім бала, тастанды ұрпақ пен тамыр тексізденуінің негізгі түйткілдеріне психологиялық тұрғыдан терең талдау жасайтын қойылым көрермен көкейіндегі кезек қүттірмейтін осындай өзекті мәселелерге жауап іздейді. Өмірдің ащы ақиқатын өнер арқылы жас ұрпақ санасына сіңіруге талпынады.
Спектакльді таныстыру мақсатында 26 мамыр күні театрдың конференця залында БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады. Баспасөз жиынына қатысушылар:
- Бекболат Құрманғожаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қойылым режиссері;
- Сая Қасымбек – Қазақстан Республикасының өнер қайраткері, песьа авторы;
- Ерлан Тұяқов – Бас суретші;
- Әділ Ахметов – театр актері, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері;
- Айым Жүсіпбекова – театр актрисасы.