… Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді.
Осынау әнді салдырған,
Он алтының зары еді …
«Самал тау» әнінен… …
Қайырылып қарағаным жөн артыма,
Болар сосын сөз сөйлесем оң халқыма.
Зарлап айтқан әнді тыңдап отыр міне,
Жетіп балаң 2016-ға. …
Зарланған зұлмат заман қасыретті,
Сонан бері арада бір ғасыр өтті.
Сен аңсаған зар еңіреп бабаларым,
Алла бізге тәуелсіздікті нәсіп етті.
…Бір бөлшегі еді ғой бай даламның,
«Самал тау» деп салған әттең Қайран әнің.
Он бес күн жүрер омбыңмен, жәйір тауым,
Қалды азуында ақ аиюмен айдағардың.
Азат ел боп орнады қазаққа құт,
Азаттық үшін қаншама азап тарттық.
Менің кәрі әке-шешем азат елде,
Жүр әлі ала алмай азаматтық. …
Өлеңнің ұлы көшіне ерген ұлмын,
Ішті өртеп кеудедегі шермен мұңым.
Салдат емес дәруіштей қаңғып жүрген,
Немене ақын болып көрген күнім.
… Жүрегім-дерт, көңіл-қайғы, жара-жаным,
Не бетімді айтам саған бабаларым.
О, сұмдық, шетел асырып сатты бір кез,
Қазағымның бауыр ет балаларын. …
Ұлардайын шулатып елімізді,
Осынау көкорай шалғын көлімізді.
Балаң не сатам дейді даламды да,
Бабалардан қалған байтақ жерімізді.
… Ұрпағыңба?
. . . Барсам егер ол жағына,
Жолығармын тоғыз қатын толғағына.
Ұрпағың жүр үш жүз жыл бұрын айтқан,
Кездесіп мөңке бійдің болжамына.
… Солай, солай ұлыңның мұң жүрегі,
Мүсіркеумен төбемде түн күледі.
Мендегі 16ының зары осындай,
Жүз жылдан соң не боларын кім біледі? ! . . .
… 2016-жылы 16-маусым
Жұртта қалған бір құлын
(Дәулеткерей Кәпұлына)
Дәурен Бақытқажы ұлы
…алдыма кеп қасынып тұр,
Жұртта қалған бір құлын.
Дәулеткерей кәп
. . . Өнерден бағың жанып басыңызға,
Орнаған сәулет мери,
Бір өзіңде бір ермен бір елдің,
Аты бар дәулеткерей. . .
Батырсыз қылыш беріп қолыңызға,
Апарып жауға қояр.
Батырсыз домбыра беріп қолыңызға,
Апарып дауға қояр...
Елім деген ерлердің тағдырларын,
Құдай неге қатал еттің.
Сенбе деймін әрі ақын, әрі батыр,
Тұяғы махамбеттің...
Әттең шіркін жетер едім ереуіл атқа,
Ер салар туса бір күн.
Деп жұрушы-ем бибарістәй мұрыныма,
Иісі кеп жусаныңның...
Ұлдар едік туған жер ештеңеден,
Біздерді кем қылмаған.
Келдік солай қиып бәрін ата жұртқа,
Мен қытай, сен Мұңғұлдан…
Мен жүрмін білмеймін бұл дәуреннің,
Түсінер азабын кім?
Сен жүрсің арқада ақыны боп,
Арқалы қазағымның.
Күй кешіп жүргендеймін үйірімнен,
Адасқан секілді мен.
Сыртқа теппей білмеймін кімдеркеліп,
Сипарын кекілімнен...
Тек қана өзім білем қатал тағдыр,
Азапты жыр-ғұмырым.
Алдыңа келіп тұрған мен болам сол,
Жұртта қалған бір құлының!
2016-жылы, 29-ақпан
Дәурен Бақытқажы ұлы