Колумбиядағы футзалда Қазақстан құрамасы плей-оффқа шықты

/uploads/thumbnail/20170709071538846_small.jpg

Колумбияда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Е тобындағы соңғы ойынында Соломон аралдарын 10:0 есебімен тас-талқан етіп ұтып, плей-офф кезеңіне жолдама алды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазақстан құрамасы сапынан Арнольд Кнауб (9-ыншы және 22-минуттар), Дуглас (16-ыншы және 29-минуттар) және Павел Таку (28-29-минуттар) дубль авторы атанды. Александр Довгань (4-минут), Лео (18-минут), Илья Мун (29-минут) және Николай Пенгрин (38-минут) бір-бір голдан салды, - деп жазады Sports.kz.

Қазақстан құрамасының құрамы: Игита, Лео, Першин, Довгань, Дуглас - Гуров, Кнауб, Нургожин, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Таку, Мун.

Оставить комментарий

Связанные Статьи