Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевты Ресей президенті клиникасының дәрігерлері емдеп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұған дейін Түркияда алғашқы медициналық көмек алған А. Атамбаев Мәскеудегі РФ Президентінің Іс басқармасына қарасты орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Атамбаевпен бірге Мәскеуге Қырғызстан президенті мен парламенті Іс басқармасы клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, кардиолог Гүлмира Баитова да жеткен.
Естеріңізге салсақ, А. Атамбаев 19 қыркүйек күні БҰҰ сессиясына барар жолда ауырып қалып, Түркияда ем алуға мәжбүр болған болатын
Оставить комментарий