Бүгін елордада «Астана - таза қала!» атты жалпықалалық сенбілік өтті. 90 мыңға жуық адам қатысқан экологиялық шарадан Ұлттық Олимпиада комитеті де тыс қалмады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сенбілікке қатысушылардың арасында танымал қазақстандық спортшылар, грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі Федерацияларының қызметкерлері болды.
Грек-рим күресінен Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия, дзюдодан Бейжің Олимпиадасының күміс медаль иегері Асқат Жіткеев және таэеквондодан Бейжің Олимпиадасында «қолаға» ие болған Арман Шілманов Астана триатлон саябағында көшеттер отырғызды.