Риодағы жазғы Олимпиада жүлдегері Жазира Жапарқұл Шымкентте жол апатына түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz tvk-uko.kz – ке сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, жол апаты бүгін күндіз Шымккенттегі Байтұрсынов-Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Ауыратлетшінің әкесіне тиесілі «Hyundai Accent» автомашинасын ауыр жүк көлігі артқы жағынан соғыпты. Қос көлікке де аса қатты нұқсан келе қоймағанымен көлік иелері жаңа машинаның бұлай апатқа түсуне қынжылған сияқты.
Оқиғаға қатысты пікір білу үшін Жазираның өзімен сөйлесу мүмкін болмады, ол телефонын өшіріп тастаған.
Естеріңізге салсақ, Риода өткен Олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 22 жастағы Жазира Жапарқұл күміс медаль иеленген еді. Осы жеңісі үшін облыс әкімі оған екі бөлмелі пәтердің және Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктің кілттерін табыс еткен болатын. Спортшыны аталмыш көліктің тізгінінде әлі ешкім көрмеді.
Оставить комментарий