Руслан да қарсыласын ұрып жықты

/uploads/thumbnail/20170709131341078_small.JPG

"Алматы Аренада" өтіп жатқан кәсіпқой бәсекесінде төртінші болып Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Наху Азуми (Гана) шаршы алаңға шықты.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 31 жастағы Руслан Мырсатаев  ганалық Наху Азумимен кездеседі. Отандасымыз осыған дейін кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де нокаутты жеңіспен аяқтаған. Ал қарсыласы 5 кездесу өткізіп, 4-де жеңіске жеткен.

Салмақ өлшеуде Русланның салмағы 99 келі, Наху Азумидің салмағы 103 келі болды. Бұл жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. 

Бұған дейінгі үш жекпе-жекте де отандастарымыз Жұмабеков, Шәрібаев, Ахмедов қарсыласын жеңді. Жұмабеков пен Ахмедов қарсыластарын бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді.

Связанные Статьи