Сәби көз жұмған ауруханада тексеріс жұмыстары басталды

/uploads/thumbnail/20170709195534240_small.jpg

Бір жарым жастағы Ақжол есімді сәби қайтыс болған ауруханада тексеріс жүріп жатыр. Қызметтік тексерісті   Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыс бойынша филиалының өкілдері жүргізуде деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілінің мәліметінше, баланың өліміне не себеп болғаны жөнінде толықтай тексеріледі. Тиісті шара қолданылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, отбасы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлаған болатын. Оқиға Көксу аудандық ауруханасында болды. Іші ауырып ауруханаға түскен баланың үш күндік емнен кейін беті бері қарап, жағдайы жақсарады. Бірақ, ата-ананың сөзіне қарағанда,  күре тамырға салынған системадан қан тоқтамай, сәби қансырап көз жұмған. «Балаға система салған дәрігерлер бақылау жасамады, есесіне өздері шай ішуге кетіп қалды» деген ата-ана енді сотқа жүгінбек.

 

Связанные Статьи