Өсімі өзінікі емес, өзгенікі болатыны несі?

/uploads/thumbnail/20170709195535597_small.jpg

 

    Алматы қалалық соты Біртұтас зейнетақы жинақтау қоры (БЗЖҚ) басшыларының тұтқындалу себебі «Бузгул Аурум» компаниясының облигацияларын сатып алуға байланысты екенін жариялады. Ұлттық банк бұл қаражат қордың өз активі есебінен бөлінгенін, салымшылардың ақшасы орнында екенін айтып ақталды. Ау, сонда миллиардтаған сома қордың әкімшілігіне қайдан келді? Олар салымшылардың ақшасын, яғни халықтың ақшасын айналдырудан табылған табыс емес пе? Қор әкімшілігі мен Қор екеуі екі басқа заңды тұлға болатын болса, барша қазақстандықтардың бұл күні триллионнан асқан салымы иесіз екен-ау, оның ақшасын айналдырып, Қорға табыс түсіруге тиісті әкімшілік өзіне табыс таба береді екен-ау?

    Мәжілістегі Қазақстанның халықтық коммунистері партиясының фракциясы атынан депутат Айқын Қоңыров премьер-министр Б.Сағынтаев пен Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевке депутаттық сауал жолдап, мұндайдың әділетсіздік екенін жеткізді. Қор ақшасының айналуынан түскен табыстың бәрі оның өз қамбасын толықтыруы керек деген сауалда.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңда Зейнетақы қорының активін айналдырудан табылған түсімнің қайда кетіп, қалай жұмсалатыны да көрсетілмеген. Егер осы заңда мәселе нақтыланған болса Басқару әкімшілігі табысты өзіне пайдаланбас еді. Сонымен қатар қор Әкімшілігі ай сайын барлық зейнетақы активінің 0,025% көлемінде сыйақы алады екен. 2016 жылдың 11 айында ол 14 миллиард 622 миллион теңге болыпты. Осы да әділетсіз, одан да әкімшілікті ақша табу емес, нақтылы еңбекақы алатын басқарма қылып құрып, еңбекақы қорын белгілеп, содан ғана ақы алуға қою керек еді ғой. Өйткені, Қордың жанынан табыс табатын Әкімшілік болса ол өз қалтасының мүддесін көбірек ойлайды емес пе? Депутаттың сауалынан осындай ой туады.  

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Связанные Статьи