Қазақстандық боксшы қыз әлемдегі ең сұлу спортшы атанды

/uploads/thumbnail/20170709204241087_small.jpg

Cпортшы қыз рейтингте MMA әлеміндегі бірден төрт боксшыны басып озған деп хабарлайды 24.kz.

Ресейдің AllFight.ru басылымы жекпе-жек әлеміндегі ең тартымды қыздардың рейтингін жасады.

Рейтингте қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова (2-1, 1 КО) көш бастап тұр. Боксшы қыз рейтингте MMA әлеміндегі бірден төрт боксшыны басып озған.

«Ол – Қазақстанда бірнеше рет чемпион атанды және Азия чемпионатының жүлдегері. Кәсіпқой боксқа өткен соң, Фируза әлем чемпионы атағы үшін күресіп жатыр. Спортшы қыз тек жұдырықтарымен емес, сондай-ақ сұлулығымен де жеңіп шығады. Ол туралы әлемдік БАҚ-тар жазып, спортшыны «бокс әлеміндегі Мария Шарапова» деп атайды. Фируза жақында ғана Қазақстанның ең тартымды спортшысы атанып, «Тақтар ойынына» түсуге үміткер болды», - деп жазады AllFight.ru басылымы.

 Айта кетейік, рейтингте қазақстандық спортшыдан кейін 2-орында америкалық 22 жастағы Пейдж Ванзант тұр.

 3-орында америкалық Миша Тейт. Ол 2016 жылдың қарашасында UFC-дегі мансап жолын аяқтаған болатын.

Рейтингте 4-ші болып UFC экс-чемпионы америкалық Ронде Роузи тұр. Ал 5-орында ресейлік Анастасия Янькова тұр.

Ал 5-орында ресейлік Анастасия Янькова тұр.

Связанные Статьи