Головкин Мұхамед Әлидің жолын жалғап, бейнесі WBS белбеуіне енгізілді

/uploads/thumbnail/20170709225247998_small.jpg

Бұл белбеуге бұған дейін Мұхамед Әли, Майк Тайсон секілді боксшылардың бейнесі бейнеленген.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы (36-0, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс одағының (WBS) жасыл және алтын чемпиондық белбеулеріне енгізілді деп хабарлайды «Қамшы» порталы «vesti.kz»-ке сілтеме жасай отырып.



Бұл белбеуге соңғы рет өзгері 37 жыл бұрын жасалған болатын. Даңқты белбеуде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рэй Леонард, Роберто Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томми Хернс, Оскар де Ла Хойя және Флойд Мэйвезер секілді бокс тарихында аты алтын әріптермен жазылған боксшылар бейнелеген. Енді бұл боксшылардың қатарына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны қосылды.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи