Ғажап! 55 күн бұрын қайтыс болған анадан денсаулығы мықты сәби туылды

/uploads/thumbnail/20170709232700935_small.jpeg

Алланың құдыреттілігнде шүбә жоқ. Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби туылды. Бұл туралы tengrinews.kz жаңалықтар қызметі  GAZETA WROCŁAWSKA сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. "Сәбиді дәрігерлер іштен жарып алды. Бұл - бүгінгі таңдағы технологияның арқасында мүмкін болып отырған ғажайып", - дейді жергілікті дәрігерлер. Басылымның мәліметінше, 41 жастағы жүкті әйелдің ми обырымен ауырған. Жүктілігінің 17-ші аптасында оның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскен еді. Кейін оның миының өлімі тіркелді. Оны құтқару мүмкін болмаған. Алайда науқастың жүрегі соғып тұрғандықтан, дәрігерлер сәбидің өміріне араша түсуді ойлайды.   

Мамандар екі айға жуық уақыт бойы анасының ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын бақылап отырды. "Біз мұндайды әдетте бір-екі күн бойы ғана жасаймыз, бірақ дәл осы жағдайда еш тәжірибеміз болмаса да бірнеше аптаға дейін өмірін созу керек болды", - дейді анестезиология және интенсив терапия кафедрасының меңгерушісі Анджей Кюблер.

Сөйтіп, сәби бір келі салмақ болып туылды. Сәбиді туыстарына тек екі айдан кейін беру мүмкін болыпты. Оның денсаулығы жақсы. Қазіргі уақытта оны әкесі бағып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи