Хиджабты шешуді ойлаған қыз өз әкесінен мұндай жауапты күткен жоқ

/uploads/thumbnail/20170710034924300_small.jpg

 17 жастағы америкалық мұсылман қыз өзінің сыртқы киім үлгісіне байланысты түрлі пікірлер мен талас-тартыстарға тап болады екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Бір күні ол белгісіз адамнан мынандай мәтіндегі хабарлама алады: «Исламды қорғаштауды тоқтат. Егер сен хиджабыңды шешсең, әкең сені оңдырмайды.»

Ламияға тіл тигізушінің пікірінше, хиджабты мұсылман әйелдер мәжбүрліктен тағады екен. Осыған байланысты  Ламия хиджабты шешетін болсам, әкем қалай қабылдар екен деп, әкесіне хабарлама жазады. Әкесінің қызына берген жауабы күтпген жаңалық болды.

«Күнім, бұл шешімді мен қабылдамаймын. Басқалар да сен үшін шешім қабылдамайды. Егер сен дұрыс деп ойласаң, хиджаб кимесең  болады. Мен сені қандай жағдай болса да қолдауға дайынмын» - деп жауап қайтарған.

Осы жайттан кейін өзіне дөрекі сөздер жазған беймәлім жанға жауап ретінде әкесінің осы жауабын әлеуметтік желіге жариялап, 100 мыңдаған лүпіл жинаған.

«Осы оқиғадан кейін көптеген адамдардан жылы сөздер жазылған хабарламаларды алдым. Олардың ішінде Ислам туралы білгісі келгендер де болды»,- деп қуанышын жасырмады Ламия.

Ламия мұсылмандар туралы дұрыс емес ақпараттар мен қате қағидаларды жойғысы келеді.

«Адамдар Ислам діні қатыгездік пен қаталдықтан, әйелдердің құқығын шектеуден құралады деп түсінеді. Бұл пікірді жақтаушылар дін туралы білмейді немесе өзге сенімдермен шатастырады деп ойлаймын. Ислам – ешкімді мәжбүрлемейді, күштемейді», - деп түсіндіреді мұсылман қыз.  

Кейбір әйелдерге хиджабты күштеп кигізеді. Бұл – дұрыс емес. Ламия ондайлардың қатарынан емес. Барлық адамдар бірдей емес секілді, мұсылмандардың барлығын қатыгез деп айту да дұрыс пікірге жатпайтындығы белгілі.  

«Мен хижджабты өз еркіммен кидім. Себебі, хиджаб кию арқылы өзімді сұқ көздерден қорғаймын. Ол менің Құдаймен қарым-қатынасымды жақсартады. Мен хиджаб киген кезде өз сөзім мен ісіме мән беріп, қадағалап отырамын. Ислам туралы түрлі жала мен өтірікке сеніп жүргендерге бір ғана кеңесім бар, жай ғана кез-келген мұсылманмен сөйлесіп көріңіз сонда өзіңіздің қателескеніңізді түсінесіз».

Қазір жаңа ғасыр,  адамдардың сыртқы келбеті мен киіміне қарап бағалаудың қажеті жоқ. Сыртқы бейне, келбет ештеңе шешпейді. Біреулер хиджаб десе, біреулер орамал деп атайды. Атауында тұрған ештеңе жоқ. Тек өзгелердің діні  мен сенімін сыйлай білсек, қоғамдағы кикілжің де тоқтар еді. Қазіргі қазақ жастары да, орта буын өкілдері де шатасатыны, шатастыратыны тағы бар. Діні бөлек Америкада орамалды еркін тағып, Исламды өзгелерге түсіндіріп жүрсе, діні Ислам болған қазақтың кей жандары өздерінің ата дінімен күресіп жатыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи