Мамандықтардың ішіндегі ең қадірлісі, ең жауаптысы – оқушыны білім нәрімен сусындатып, өзгенің баласына бар мейірімін төгетін мұғалімдер қауымы. Өзіне үлкен жауапкершілікті арқалап, «әр бала – өзімінің балам» деп келіп тұрған мұғалімдер иесін құрмет тұту – тек оқушыларға емес, жалпыға міндет.
Осылай бола тұра, бүгінгі қоғамның адамдары өз істеріне жауап бере алмайтын дәрежеге жетіпті. Қоғамның азғындағаны дейміз бе, басқасы ма, мұғалім атаулыны қадірлемейтін болған бұ заманда.
Мына оқиға Қытай мектептерінің бірінде орын алған. Мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал. Бұрындары мұғалімнен сөз естіген оқушы кірерге тесік таппай қалушы еді, ал бүгінгі күннің оқушысы мұғалімге қол көтеруден тайынбайды. Видеодан байқағанымыздай, алдымен ұстазы оқушысына ұрысқан. Қыз одан сайын ерегісіп, ұстазының өзін ұрып жіберуіне итермелейді. Жанжал соңы ұстаз бен оқушы арасындағы төбелеске ұласады. Алғашында, қызығып видеоға түсіріп тұрған өзге оқушылар жағдайдың ушыққанын байқап, ажыратып алуға тырысқан.
Оставить комментарий