Оқушы қыздың шашын дұрыс қимағаны үшін шаштаразбен араздасып қалған видеосы әлеуметтік желіде кең таралуда. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі іlife.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Ресейдегі Сызрань қаласында орын алған. Шаш үлгісі өзіне ұнамаған қыз «Мен мұндай шашпен енді қалай өмір сүремін» деп айқайға басуда. Қыздың қатты ашуланғаны соншалық, шаштараздың үстелін шашып, заттарын лақтырғанын видеодан байқауға болады. Ақшасын қайтаруы талап еткен ол, өз дегеніне жете алмаған сыңайлы.
Видеода қыздың әкесімен бірге келгенін байқауға болады, алайда әкесі қызының ашуын басуға тырысқанымен, ақырында қыз далаға шығып сән салонының терезін сындырып кеткен.
Оставить комментарий