«Нұрлы жер» бойынша 15 жыл ішінде 1,5 млн. отбасы баспанамен қамтылады

/uploads/thumbnail/20170710040226170_small.jpg

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен Астана қаласының әкімдігі жастарды баспанамен қамтудың жаңа бағдарламасын әзірлейді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  

Ақысы адам саны мен үйдің көлеміне байланысты. Жалпы, «Нұрлы жер» бойынша 15 жыл ішінде 1,5 млн отбасы баспанамен қамтылады. Бағдарламаның жүзеге асуын «Нұр Отан» партиясы қадағалайды.

Бұл туралы кеше Мәжілісте «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша Комиссияның отырысында белгілі болды.

Отырыс барысында өңірлерді дамытудың бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы, әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысы, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы, әкімдіктер арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша сұрақтар талқыға салынды. Комиссияның отырысына «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары, Мәжіліс депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өкілдері қатысты. Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Комиссияның ұсыныстары әзірленді.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын президент Назарбаев «Әлеуметтік әлсіз топтарға берілуі керек баспанадан шенеуніктер дәмеленбесін. Әлеуметтік әлсіз топтағылар жалдамалы үйге ақша төлесін, сосын барып сатып алсын. Бюджеттегілер «Нұрлы жер» бағдарламасына жүгінсін» деген еді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи