Дағыстанның Цумадин ауданында информатика сыныбында граната жарылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап. Салдарынан 8-шы сынып оқушысы көз жұмды. 11 оқушы зардап шекті.
Мектеп директорының орынбасары Магомеддибира Зубаированың айтуынша, 13 бала жапа шеккен.
ІІМ мәліметінше, бала мектепке граната алып келген. Қаруды дұрыс ұстамағанның салдарынан жарылыс болған. Гранатаны мектепке алып келген бала ұсталды. Ол тергеушілерге гранатаны көшеден тауып алғанын айтқан.
Полицейлер мектепті қоршауға алды. Мектеп ауласына ешкімді кіргізбейді. Оқиға болған жерде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.
Оставить комментарий