Канадада өлі әйел табытта босанды

/uploads/thumbnail/20170710065036589_small.jpg

Жол апатында көз жұмған жүкті әйелді жерлеу кезінде сәбидің жылаған дауысы естілген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі vladtime.ru-ға сілтеме жасап.

Қыз Торонто қаласында дүниеге келген. Оның анасы ауруханаға бара жатқанда жол апаты болып,  көз жұмды. Ол уақытта әйел жүктіліктің жетінші айында еді.

Оқиға болған жерге келген жедел жәрдем қайтыс болған әйелге көмектескісі келген. Алайда ана мен сәби өлді деп шешкен. Одан кейін әйелді мәйітханаға әкетті. Онда мәйіт 17 сағат жатқан.

Табыттан шарананың жылаған дауысы естілгеннен кейін, адамдар оны дереу ауруханаға жеткізген. Сәбидің жағдайы ауыр болды. Оны арнайы инкубаторға орналастырды. Онда сәби 4 ай жатты. Шарана аман қалды.

Дәрігерлер мұны нағыз ғажайыпқа балайды. Тәжірибелерінде бұрын-соңды мұндай болмағанын айтады. Дәрігерлер сәбидің қайтыс болған анасының денесінде қалай тірі қалғанын зерттеп жатыр.  

Қайтыс болған ана мен оның тірі қалған сәбиінің есімі құпияда сақталды.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи