Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Big Bear жаттығу лагерінде өткен Radio Rahim TV радиосына сұхбат берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Сұхбат кезінде GGG бапкері туралы және Абель Санчестің қол астында өткізген бірінші жаттығуы жайлы, жеке өмірі туралы айтып берді. «Менің әрбір кездесуім бір бірінен ерекше. Бірақ шынында «Канелоға» қарсы өтетін кездесу менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болады. Дегенмен мен жаттығу жұмыстарыма ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын: жаттығу залында тынбай тер төгіп, залда жұмыс істеймін. Мен өз жұмысымды білемін.
Санчеспен бірге жұмыс істеуге ұзақ үйреністім деп айта алмаймын. Онымен өткізген бірінші жаттығуым да есімде. Мен кішкентай ғана сумкамен келген едім. Түсінесіздер ме, бокс – менің өмірімнің бір бөлшегі. Бокс маған керек. Бұл тек менің жұмысым ғана емес. Санчес – керемет адам. Өз ісінің нағыз шебері. Мен оған сенемін. Бастысы – тынбей еңбек ету. Жаттығуға барыңды арнау керексің. Назарың жаттығуда болу керек. Сол кезде ғана чемпион боласың. Егер жаттығуға немқұрайлы қарайтын болса, ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Уақытың да зая кетеді. Мені әлемнің үздік боксшысы деген теңеумен келіспеймін. Әр боксшы әртүрлі. Бірінің стильі басқа, бірінің таланты мықты, бірінің мүмкіндіктері көп. Сондықтан да мен әлемнің үздік боксшысымын деп айта алмаймын. Иә, Мұхамед Әли – ұлы боксшы. Алайда мен одан кейін екінші орында да тұрған жоқпын. Біздің барлығымыздың ерекшеліктеріміз бар. Ауыр салмақтағы боксшылар – ірі денелі, соққылары ауыр. Жеңіл салмақтағылар – жылдам. Мені екінші қойғыңыз келеді ме? Бұл мен үшін қызық емес. Мен үшін P4P рейтингі де маңызды емес. Big Bear-де мен толық дайындала аламын. Мұнда мен жекпе-жекке екі ай қалғанда келемін. Шамамен 10-12 апта бойы жекпе-жекке дайындаламын. Бұл да менің өмірімнің бір бөлігі. Бокс – қауіпті жұмыс. Бірақ менің спорттық карьерам өмірімнің толық бөлшегі емес. Жеке өмір мен боксты салыстыруға келмейді. Танымалдылық? Маған ол да қызық емес. Танымал болғым келмейді. Және ол маған ешқашан әсер де етпеген. Мен боксшымын. Иә, мені көпшілік танып жатады. Дейтұрғанмен маған «ол жұлдыз», «ол танымал» деген әңгімелер әсер етпейді. Рингтің сыртында мен қарапайым адаммын. Жұлдыз емеспін. Мен өз халқымның батыры да емеспін. Шынымен. Мен үшін ол аса маңызды емес. Альвареспен өтетін жекпе-жек мен үшін маңызды. «Канело» – ерекше боксшылардың бірі. Бірақ ол да суперчемпион емес. Біздің жекпе-жегіміз бокс үшін үлкен оқиға деп ойлаймын. Қайсымыздың жеңетіні маңызды емес. Ол ма, әлде мен бе? Бірақ бұл екеуміз үшін де үлкен жеңіс болайын деп тұр. Кейбіреулер бұл жекпе-жекте рейтингтің, P4P көрсеткішіндегі орын, мықты екені анықталады деп ойлайды. Алайда, бастысы – жеңіс», – дейді Головкин.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді.
Оставить комментарий