Қанат Ислам: «Мен Куктан көбірек жаттығуым керек»

/uploads/thumbnail/20170804174003076_small.jpg

Қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Нұрсұлтан Жанайбаев жаттықтырушылары Нельсон Лопесоммен Алматыдан Астанаға келді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл жерде Қанат Ислам 9 қыркүйек күні «Сарыарқа» велотрегінде өтетін кәсіби бокс кешіне соңғы дайындықтар өткізеді. 

Кештің басты кездесуі Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтеді. Боксшылар 1-ші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасы бойынша титулына жұдырықтасады.

Астана әуежайында баспасөз отырысында Қанат Ислам мен оның жаттықтырушысы Нельсон Лопес журналистерге Кукпен кездесуде не күтіп тұрғанын айтты.

 - Біз Астанаға келгенімізге қуаныштымыз. Бір ай Алматыда дайындалдық, енді осы жерде шынығамыз. Бұл кездесу – үлкен жауапкершілік жүктейді, сондықтан біз барынша дайындалуымыз керек. Менімен бірге штаттан жаттықтырушы келді. Спарринг бойынша серіктестерім жолға шықты, ертең осында келеді. Бірге жаттығуды бастаймыз. Барлығы ойдағыдай. Брэндон Кук та мен секілді бұл кездесуге дайындық үстінде. Мен әрдайым өз қарсыласыңды әлсіз деп бағаламау керектігін айтып жүремін. Әр боксшының өз мінезі бар. Куканы жеңу үшін мен одан көбірек жаттығуым керек, - деді Қанат Ислам.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи