Ғасыр жекпе-жегінде Флойд Майвезер жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170827114531079_small.jpg

Флойд Мейвезер Конор МакГрегорды 10-раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.  

Жекпе-жек Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өткен болатын. Әлемнің 12 дүркін чемпионы болған америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландтық Конор МакГрегорды мерзімінен бұрын жеңді.   

69,85 келі салмақ дәрежесіндегі кездесу негізінен 12 раундқа дейін созылу керек еді, алайда Мейвезер кәсіпқой бокста тәжірибесі жоқ МакГрегорды 10-раундта нокаутқа жіберді. Мейвезердің соңғы жекпе-жегі 2015 жылдың 15 қыркүйегінде өткен, енді ол спорттық мансабының аяқталғанын мәлімдеді. Мейвезер жалпы 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. МакГрегормен болған жекпе-жегі оның елуінші кездесуі және де жеңіссі болып есептеледі. 


Связанные Статьи