Германияның Гамбург қаласында әлі жалғасын тауып жатқан әуесқой бокстан әлем чемпионатында бүгін жартылай финалдық кездесу өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сайыста қазақстандық спортшылар Куба боксерлерімен екі рет жекпе-жекке шықса, Өзбек спортшыларымен бір кездесу өткізеді.
Жартылай финалдық кездесудің кестесі былай болмақ:
Басталуы: 31 тамыз, Астана уақытымен сағат 22:00-де.
1. 49 келіге дейін: Хоанис Архилагос (Куба) - Жомарт Ержан (Қазақстан).
2. 49 келіге дейін: Юберхен Мартинес Ривас (Колумбия) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).
3. 56 келіге дейін: Қайрат Ерәлиев (Қазақстан) - Питер МакГрейл (Англия).
4. 56 келіге дейін: Гаурав Бидхури (Үндістан) - Дюк Раган (АҚШ).
5. 64 келіге дейін: Фрейдис Рохас (АҚШ) - Икболжон Холдаров (Өзбекстан).
6. 64 келіге дейін: Ованес Бачков (Армения) - Энди Круз Гомез (Куба).
7. 75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Камран Шахсуварлы (Әзербайжан).
8. 75 келіге дейін: Александр Хижняк (Украина) - Трой Исли (АҚШ).
9. 91 келіге дейін: Евгений Тищенко (Ресей) - Санжар Тұрсынов (Өзбекстан).
10. 91 келіге дейін: Василий Левит (Қазақстан) - Эрисланди Савон (Куба).
Айта кетер болсақ, Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әуесқой бокстан әлем чемпионатында еліміздің алты спортшысы өз қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Сайыс нәтижесінде отандастарымыз еліміздің қоржынына алты бірдей алтын салады деген үмітте.