Ресей Қазақстаннан Олимпиада ойындарынан бас тартуды сұрады

/uploads/thumbnail/20171206150631041_small.jpg

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстанға, сондай-ақ БРИКС құрамындағы елдер мен Беларусь және Қырғызстанға Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысудан бас тартуды ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Р-Спорт хабарлайды. 

«Ресей құрамасы қатыспайтын болса, Ресеймен ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын.

Қазіргі уақытта Халықаралық олимпиада комитетінің Ресейді алшақтап жатқанына куәміз. Мұның астарында саяси қысымның жатқанын жақсы білеміз. АҚШ пен оның жақтастары әр уақытта елдерімізге саяси қысым көрсетіп, экономикалық тұрғыда бопсалап келді. Бүгінде Сэм көкеміздің басты көздегені, нысанасы Ресей болып тұр. Бірақ Батыстың экономикалық қақпанына сіздің мемлекетіңіз немесе ұлттық намысыңыздың түспеуіне кім кепіл?», - деді Милонов.  

Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылы 9-25 ақпан аралығында өтеді. Ресейдің олимпиада комитеті ХОК атқарушы комитетінің шешімімен жарыстан  аластатылған.

Связанные Статьи