Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекованың олимпиададағы өнері (фото)

/uploads/thumbnail/20180222111810544_small.jpg

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова Пхенчхан олимпиадасында қысқа бағдарламаларын орындады. Тұрсынбаева негізгі бағдарламаға өтті. Ал Мамбекова жарысты аяқтады.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 57,95 ұпай жинап, қазір 15-орында тұр. Ол негізгі бағдарламада өнер көрсетеді. 

Мәнерлер сырғанау

Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева үштік риттбергер элементін секіре алмады. Ал қалған үштік сальхов+үштік тулуп элементін және екілік аксельді таза секірді. 21 ақпан 2018 жыл.

Мәнерлер сырғанау

Жарыстан кейін Тұрсынбаева "Бірінші элементті секірмедім, сондықтан ұпай да төмен болды. Екі элементті жақсы секірдім. Жоғары нәтиже көрсетуге болар еді. Дегенмен олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын. Шат жарақатына байланысты қатыса алмай қалуым да мүмкін еді" деді. 21 ақпан 2018 жыл.

Мәнерлер сырғанау

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламасын аяқтаған сәт. 21 ақпан 2018 жыл.

Мәнерлер сырғанау

Элизабет Тұрсынбаева бапкері канадалық Брайан Орсер және анасы Падишахан Сұлтанаәлиевамен төрешілер бағасын күтіп отыр. 21 ақпан 2018 жыл. 

Мәнерлер сырғанау

Қазақстандық Айза Мамбекова мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жекелей сында 30-орын алды. Ол қысқа бағдарламада 44,40 ұпай жинап, негізгі бағдарламаға өткен 24 спортшының қатарына енбей қалды. 21 ақпан 2018 жыл. 

Мәнерлер сырғанау

Айза Мамбекова олимпиадаға Санкт-Петербургте ресейлік бапкер Алексей Мишиннің командасында дайындалғанын айтады. Мишин Ресейден шыққан олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин мен Евгений Плющенконы жаттықтырған. 

Мәнерлер сырғанау

Айза Мамбекова үшін алғашқы олимпиадасы аяқталды. Ол 2022 жылы өтетін Пекин олимпиадасына қатысқысы келеді. 

Мәнерлер сырғанау

Айзаның Қазақстандағы бапкері Құралай Узурова шәкіртінің құламай сырғанап шыққанына қуанды. 21 ақпан 2018 жыл. 

Мәнерлер сырғанау

Ресей олимпиадалық атлеттері командасының мүшесі Алина Загитова қысқа бағдарламада 82,92 ұпай жинап, әлем рекордын жаңартты. Ол бірінші орында келеді. 21 ақпан 2018 жыл.

Мәнерлер сырғанау

2017 жылғы әлем чемпионы Ресей олимпиадалық атлеттер командасының мүшесі Евгения Медведова 81,61 ұпаймен екінші орында келеді. Бұрынғы әлем рекорды осы Медведоваға тиесілі еді. 21 ақпан 2018 жыл. 

Мәнерлер сырғанау

Дереккөз: Азаттық радиосы

Оставить комментарий

Связанные Статьи