XXIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақ қызы чемпион атанды

/uploads/thumbnail/20180222230426008_small.jpg

Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласына өтіп жатқан олимпиада жарысында әйел арасындағы биатлон сайысынан 4х6 эстафеталық жарыста Беларусь командасы бірінші болды. Аталмыш елдің құрамасында Динара Әлімбекова есімді қазақ қызы да бар, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, Динара Әлімбекованың әкесі - қазақ, анасы - беларусь ұлтынан. Спортшы 1996 жылы Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келген. Үш жасында Беларусь еліне қоныс аударған спортшы қыз кішкентай кезінен биатлонмен айналысқан.

Олимпиада

Пхенчандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста жеңіске жеткен Беларусь құрамасында Динара Әлімбековамен бірге Надежда Скардино, Ирина Кривко және Дарья Домрачева есімді спортшылар бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи