Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегінде қарсыласын 1 минут 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Қуан, қазақ Мадияр Әшкеев қарсыласын 1 раундта құлатып жеңіске жетті», — деп жазды. Отандасымыз америкалық боксшы Хосе Антонио Абреумен жұдырықты. Жекпе-жек 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Отандасымыздың Хосе Антонио Абреуге тиген жойқын соққысына қарсы тұра алмай, тізерлеп барып құлаған. Осыдан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл отандасымыз Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісі. Ол әлі бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсіргені.
Оставить комментарий