Арман Оспанов келесі жекпе-жегін Мәскеуде өткізеді

/uploads/thumbnail/20180310173014111_small.jpg

Ресейлік промоушен АСВ қазақстандық ММА файтері Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі кіммен және қайда өтетіндігін хабарлады, деп жазады «SPORTINFORM» САА.

Отандасымыз Арман Оспанов келесі кездесуін ресейлік Акоп Степанянмен өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы қос мықты 5 мамыр күні Мәскеуде АСВ86 турнирінде өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізде болса, Оспанов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Ресей спортшысы Алексей Полпудниковқа есе жіберген еді. Оның қарсыласы Стенпанян да соңғы ұрысында британдық Эндрю Фишерге жол берді.

Связанные Статьи