Қазақстан қысқы Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20180314135337425_small.jpg

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Классикалық стильде 1,5 шақырымдық спринтте Александр Колядин Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медальді салды. Екінші болып, (қазақстандық спортшыдан 0,8 секундқа қалған) жапониялық Йошихиро Нитта келді, Үшінші орынды канадалық Марк Арендс (+1,1) иеленді.

Дүйсенбіде, 12 наурызда тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицо еркін стильде 20 шақырымдық жарыста жүлделі орынға талпынған, алайда ол төртінші болып келді.

Связанные Статьи