Бүгін Бекзат Саттархановтың туған күні

/uploads/thumbnail/20180404192523136_small.jpg

Бүгін бар  қазақтың мақтанышына айналған спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионыІ дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері Бекзат Саттархановтың туған күні. Егер арамызда болса, биыл даңқты ұл отыз сегізінші көктемін қарсы алар еді.

Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде  киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Сидней Олимпиадасында тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтатқан спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсанында, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.

Бексат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан еді. Бұл жеңісі үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.

Связанные Статьи