Араб әйелдеріне еркіндік берілгенімен, ерлері күң секілді қарайды

/uploads/thumbnail/20180330172734982_small.jpg

Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман әйелдерге бет-жүзін жабатын киім кимеуге рұқсат еткен. Бұдан бұрын көлік жүргізуге рұқсат етілгенімен, араб әйелдері күйеулерінсіз сыртқа шығуға болмайды. Бұл өзгерістерден араб әйелдерінің жағдайы қалай өзгерді, РИА Новости дайындаған ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

«Әйелдердің не ойлайтыны ешкімді алаңдатпайды»

Фатима «л-Иса – Меккеде араб тілінен сабақ бередә әрі магистрант. Әйедлердің құқығы туралы жазып жүрген Фатима өзін феминиспін деп есептейді. Алайда дәстүрлі киімнен бас тартпақ ниеті жоқ, себебі қоғам өзгесін қабылдамайды.

«Мен ислам ортасында өстім, менің қара киім жайлы не ойлайтыным ешкімді толғандырмаған. Билік әр отбасының ісіне арала алмайды, туыстарының айтқанына қарсы шыққан адамды да қорғамайды. Сол себепті мұның бәрі айтылған сөз ғана. Ата-аналар мен ерлер қыздарды үйреншікті киім киюге мәжбүрлейді. Тіпті жақында қара киімнен бас тартқан қызды қамап қойды деген қауесет тараған», - деді Фатима.

Фатиманың құрбылары да еркін киінуді қалайды, алайда өсектің астына қалудан қорқады.

Бұдан өзге велоссипед не көлік айдау, спорт кешендеріне барып, ерлердің арасында жаттығу жасау туралы өзгерістер енгізілгенімен, өзгеріп жатқан түгі жоқ. Әйелдерге бұрынғы әдеті бойынша еркін жүріп-тұру құқы беріле қойған жоқ. Олар өз еркілерімен неке куәлігіне қол қоя алмайды, өз ниеттері бойынша ажырасып, балаларын алып кетуге де болмайды. Тіпті ерінің рұқсатынсыз түрмеден де шыға алмайды.

«Қамқоршының айтқаны – заң»

Сауд Арбаиясында әр әйелдің қамқоршысы болады, ол әкесі, күйеуі, ағасы не інісі болуы мүмкін. Әйел үшін кез келген шешімді де солар қабылдайды.

«Бұл – барып тұрған сорақыдық. Ер адамдар әйелдерге құлындай қарайды әрі бұл заңмен бекітілген. Қазіргі уақытта белсенді қыздардың саны артып келеді, ал әр қадам үшін қыздарға қамқоршысының «рұқсат» деген сөзі керек» , - деді Фатима әл-Иса.

Оның айтуынша, шешілмеген юір мәселе – отбасылық зорлық. Ғаламторда «әйелдерді қалай тәрбиелеу керек?» деген сынды кітаптар өрбіп жүрген көрінеді.

«Бұл жердің әйелдері қорғансыз. Зорлық көргені жайлы арнайы органға арыз жазса, түрме сынды мекемеге өзі түседі. Ол жер «үйді қорғау» деп аталады. Әйел қорғаушысының оұқсатынсыз мекемеден шыға алмайды. Жақында бір әйеді күйеуі жаралап, ауруханаға түсті. Ал ата-анасы қызға көмектеспеген, тіпті көңілін де сұрап бармаған», - деп баяндап берді Фатима.

Қоғамдық белсенді Суад аш-Шаммари «қорғаушы» деген түсініктен арылу үшін бас көтерген. Бірақ сол әрекеті үшін түрмеден бірақ шықты.

«Ниқабты кигенімне мақтанамын»

Сауд Арабиясында дәстүрлі киімді кигенін мақтан тұтаны қыздардың да қатары жетеді. Солардың бірі – үй шаруасындағы Худа аш-Шахри.

«Мен Алланың әмірін орындап, ниқаб киіп жүргенімді мақтан етемін. Ниқабтың қара болуы міндетті емес, алайда қара – дәстүрлі түс. Менің ойымша, өз абыройы үшін кез келген қыз ниқаб киюге міндетті», - деді әйел.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд әмірліктегі әйелдер өздерін еркін сезіну үшін түрлі жағдай жасауда.

Бұдан бұрын CBS телеарнасына берген сұхбатында монарх мемлекетте қара ниқабтан өзге де киімдерге рұқсат етілгенін ескерткен. Оның ойынша, әйелдердің бәрі бет-әлпетін жауып жүруге міндетті емес.

«Шариғат заңы бойынша әйелдермен қоса ер адамдар да қарапайым әрі ұстамды киінуі керек. Ол міндетті түрде ниқаб болуы тиіс деген сөз емес», - деген еді ханзада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи