Алматы қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Азия кубогы жалауын көтереді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
21-22 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 1998-1999 жылдары туған татами шеберлері қатысады. Бұл додада 300-ге жуық жас дзюдошы 8 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайтын болады.
Айта кетейік, IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.
Оставить комментарий