Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альварестің допингке қатысты дауына байланысты шешім шығарды. Боксшыға алты айға шектеу қойылды.
Sports.kz сайты Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен реваншы қашан өтеді деген сұрақты GGG-дің алғашқы ұстаздарының бірі Ғалым Кенжебаевқа қойды.
Оның айтуынша, екі спортшының жекпе-жегін қыркүйекке қоятын болса, онда ол «Канелоға» байланысты болады. Ол қазіргі жағдайдан (допингке қатысты жағдайдан ред.) арылған кезде ғана жекпе-жек болады.
— Меніңше, Альварес Головкинге дейін де алаңға шығуы мүмкін, - деді Ғалым Кенжебаев.
Оставить комментарий